Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысында биылғы 8 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді, - деп хабарлайды akorda.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында қолға алынған жобаларды жалғастыруды және халықпен тығыз жұмыс істеу мәселесін күшейтуді тапсырды,

Облыс әкімі бюджет есебінен 59 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын, нәтижесінде биыл 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілетінін баяндады. Бұдан бөлек, жеке инвесторлар 13 мектепті пайдалануға берді.

Сондай-ақ жыл басынан бері 486 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін жалпы 85 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Түркістан аумағында бірқатар су нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспардағы шаралар іске асырылғаннан кейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 триллион теңгеге жетті.

Облыста жалпы құны 12,7 миллиард теңгені құрайтын 26 инвестициялық жоба іске қосылып, 936 жұмыс орны ашылған. Ауыл шаруашылығы саласында 477 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 4 пайызға артты.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнеркәсіп өнімінің көлемі 534 миллиард теңгеге жетіп, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 125 миллиард теңгеге өскен.



Фото: аkorda.kz