Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде VetMobile жобасы іске асады

Елімізде VetMobile жобасы іске асады

Елімізде VetMobile жобасы іске асады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен жасалған қосымша төрт түлік туралы ветеринарлық деректердің қалыптасу және деректерді алмасу процесін толық цифрлық форматқа көшіріп, мал дәрігерлерінің жұмысын жеңілдетпек. Тиісті жоба Президентке таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев VetMobile жобасының дұрыс бастама екендігін айтып, оны іске асыруды бастап, жалғастыруды және қадағалауда ұстауды тапсырды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовтың айтуынша,  жобаны келесі айдан бастап өңірлердің бірінде   пилоттық негізде іске қосу жоспарланған. 
*****
Биыл қыркүйек айынан бастап ұнның да, бидайдың да экспортына квоталар алынып тасталды. Яғни, сыртқа сатуға ешқандай шектеу жоқ. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі айтты. Оның сөзінше, биылғы жылы 13,5 млн тонна бидай жиналады. Былтырғы жылдан қалған 1,5 млн тонна да есепке алынады. Ал ішкі тұтыну көлемі Қазақстанда 6,5-7 млн тонна болса, экспортқа 6-7 млн тонна бидай, ұн шығаруға мүмкіндік бар,-дейді Ербол Қарашөкеев.
*****
Президенттікке кандидаттың сайлау қорына тек заңды жолмен алынған қаражат жіберіледі. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының  мүшесі Сабила Мұстафина айтты. Оның айтуынша, сайлау қорларына иелік ету құқығы тек Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарға ғана тиесілі.
*****
Павлодарда кезектен тыс сайлау қарсаңында Call-орталық іске қосылды. Азаматтар өздері туралы мәліметті 32-33-41 нөмірі бойынша   қоңырау шалып тексере алады. Сондай-ақ WhatsApp-қа да  хабарлама жіберуге болады. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Call-орталық дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбі күні  түскі сағат 1-ге дейін жұмыс істейді.
*****
Каспий құбыр консорциумы келесі айда толық қуаттында жұмыс істеуге көшеді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі айтты. Болат Ақшолақовтың мәліметінше,  консорциумның екі жылжымалы айлақ құрылғысын 15 қазанға дейін   іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық мұнай тасымалдаудың ең тиімді бағыты. Басқа жолдар қаражат жағынан тиімсіз. Ал Қашаған кен орны қазан айының 20-на қарай  бұрынғы өндіру режиміне оралады – тәулігіне 400 мың баррель шығарады», - деді Болат Ақшолақов.
*****
Тәуелсіздік мейрамында бір күн ғана демалыс беріледі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді.  Биыл 16 желтоқсан аптаның жұма күніне түсіп тұр. Сондықтан, бір күн демалыс беріледі, әрі қарай сенбі-жексенбі күндері әдеттегі демалыс болады. Ешқандай демалыс күндері ауыстырылмайды», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.