Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Жезқазған - 103,10FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Президент сайлауы. Алғашқы кандидат ұсынылды

Президент сайлауы. Алғашқы кандидат ұсынылды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауға үміткер ұсынды. 

Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезінде партия төрағасы Әли Бектаев мәлім етті.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан «Қазақстан Фермерлер Одағы» қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев сайлауға үміткер ретінде қатысады.

"«Ауыл» партиясының саяси кеңесі кезектен тыс президент сайлауында президенттікке кандидат ретінде партияның атынан Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Дайрабаев Жигули Молдахалықұлының кандидатурасын съез қарауына ұсынады," - деді Әли Бектаев.

Съезд жұмысына партияның барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан делегаттар қатысып жатыр.

Кезектен тыс ХХ съездің басты міндеті 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну болады.

Еліміздегі өте маңызды реформалар жүргізіліп жатыр. Ол реформаларды партия мүшелері толық қолдайды және мемлекетіміздің дамуында үлкен серпіліс береді деп есептейді.

"«Ауыл» партиясы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысуды ауыл мен ауыл шаруашылығының қал-ахуалына, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты проблемаларға мемлекет пен қоғамның назарын аударудың тағы бір мүмкіндігі деп санайды", - деді Партияның "Ауыл" ХДПП төрағасы Әли Бектаев айтқан мәлімдемесінде.


Дереккөз: baq.kz