Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл толды

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл толды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Шавкат Мирзиёевтің  Қазақстан мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау жеделхаты келіп түсті. 

Өзбекстан Президенті осы кезеңде маңызды нәтижелерге қол жеткізіліп, халықтарымыз арасындағы достық байланыс нығая түскеніне назар аударған.

– Соңғы жылдары біздің байланысымыз өзара сенім мен қолдау, зор құрмет және тату көршілік қарым-қатынас, сондай-ақ стратегиялық серіктестік пен одақтастық қағидаттарына сай қарқынды дамып келеді. Жоғары деңгейдегі ашық, конструктивті әрі белсенді диалог, сондай-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық қарым-қатынастарды реттейтін тиімді практикалық механизмдер біздің өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға берік негіз болатынын атап өткім келеді, – деп жазылған құттықтау жеделхатында.

Сонымен қатар Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 21-23 қараша күндері өтіп жатқан Өзбекстанның Қазақстандағы мәдениет күндері тарихы ортақ бауырлас халықтардың достық байланысын күшейте түсетінін айта келіп, бірлескен шаралар екі елдің көпжақты қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.



Фото: sn.kz