Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендету қаншалықты тиімді – министрдің жауабы

Зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендету қаншалықты тиімді – министрдің жауабы

Зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегін төмендету мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендетуді ұсынып, Үкімет басшысына сауал жолдады.

«Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Ал жеке өзімнің көзқарасыма тоқталсам, мұндай қадамға қарсымын. Өйткені зейнетақы аударымдарын алудың бірінші толқыны бойынша есептеулер жүргізілген кезде, адамдардың тиісті жас санатын қамтамасыз ету үшін белгілі бір есептеулер жүргізілді. Сондықтан зейнетақыға қатысты ең төменгі жеткілікті шекті төмендету зейнетақы жинағын шешіп алуды ынталандыратыны түсінікті. Осының салдарынан болашақта зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдерінің жеткіліксіз болу тәуекелдерін айтарлықтай арттырады», - деді Ә. Қуантыров Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның пайымынша, зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендету салдарынан бюджетке қосымша жүк те болады. Бұл тұрғыда зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайына кері әсер ететін түрлі факторлар басталады.

Айта кетейік, биыл наурыз айында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Үкіметті зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін қолдану мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырды.

Биыл 1 сәуірден бастап Қазақстанда зейнетақы қаражатының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегі өсті.


Фото: tengrinews.kz