Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

2022 жылғы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

2022 жылғы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

2022 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы қалыпты өсу қарқынын сақтап қалды. Нақты өсім 3,1%-ті құрады.

Нақты сектор (3,2%), оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы оң көрсеткіштер тұрақты өсудің негізгі факторы болды.

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 3,4%-ке өсті.
  • Ауыл шаруашылығында өсу қарқыны жоғары – 9%-тен асты.
  • Құрылыс саласы да жоғары өсім көрсетіп, 9,4% деңгейінде өсім қалыптасты.

15,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қызмет көрсету секторы 2,5%-ке өсті. Сауда 5%, көлік 4%-ке жуық, байланыс 8%-ке өскен.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,8% нақты өсім көрсетті.

  • Барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында өсім байқалды.
  • Ең төмен көрсеткіш Ұлытау, Маңғыстау, Атырау және Абай облыстарында тіркеліп отыр.

«Жалпы, 2022 жыл күрделі сын-қатерлерге толы болды. Бұл, әрине, экономиканың дамуына өз әсерін тигізді. Әйтсе де, біз бәріміз осыдан белгілі-бір қорытынды шығаруымыз керек. Биыл Үкімет пен әкімдіктердің алдына бірқатар нақты міндеттер қойылып отыр. Біз Президенттің Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бар күшімізді жұмылдыруымыз керек. Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары мен бастамалары қоғамның сұранысына және ағымдағы сын-тегеуріндерге негізделген. Осы міндеттерді орындау үшін әрбір министрлік пен өңірдің қосатын үлесі аса маңызды», — деді Премьер-Министр Ә.Смайылов.


Фото: 7kun.kz