Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Семейде темір жол салынып, аспалы көпір қайта жаңартылады

Семейде темір жол салынып, аспалы көпір қайта жаңартылады

Семейде ойын-сауық орталығы мен қонақ үй салынып, аспалы көпір қайта жаңартылады.

Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев осылай деп мәлімдеді.

Туризм саласында 41 млрд теңгеге 6 іс-шараны іске асыру, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары (Семей қаласында – 3,7 млрд. теңге), қонақ үй кешені (Семей қаласында – 24 млрд. теңге) және Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс базасын салу (6,1 млрд. теңге),- деді облыс әкімі.

Оның атап өтуінше, халықаралық көлік дәліздерінің байланыстырушы буындарын ашу және облысымыздың транзиттік-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін кешенді жоспарға 137,8 млрд теңгеге 9 іс-шара енгізілген.

Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» учаскесінде теміржол салу, құрғақ порт пен логистикалық парк құру, Ертіс өзені арқылы өтетін автогуж көпірін, Семей қаласындағы аспалы көпірді қайта жаңарту, 2 мың шақырымға жуық автожолдарды жөндеу. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 82 пайыздан 98 пайызға дейін артады,- деді Ұранхаев.


Фото: imstalcon.kz