Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев Владимир Денисовті қабылдады

Тоқаев Владимир Денисовті қабылдады

Президентке әуе компаниясының былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына 2030 жылға дейін компанияның әуе кемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берілді.

Президентке Шымкент әуежайындағы аэровокзал кешені құрылысының барысы және авиациялық хабты дамыту шаралары туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев SCAT әуе компаниясының қызметіне оң баға беріп, оның даму стратегиясын қолдады.

Мемлекет басшысы Шымкенттегі авиациялық хабтың құрылысын аяқтаудың, авиациялық тасымалдау саласының өңірдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударды.


Фото: Ақорда