Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасын аралады

Тоқаев «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасын аралады

Президент Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасын аралап көріп, кәсіпорынның цехтарымен және дайын өнімдерімен танысты


▪️ Голланд технологиясымен 1 млн балапан өсіретін құс фабрикасында 250-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыс істейді.

▪️ Кәсіпорын жыл сайын 8 мың тонна бройлер етін өндіреді, сондай-ақ өнім ішкі нарыққа жеткізіледі және Ресейге, Қырғызстанға экспортталады.

▪️ Биыл құс фабрикасының өндірістік қуатын 12 мың тоннаға дейін арттыру үшін жалпы құны 1,4 миллиард теңгені құрайтын 6 нысан салу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі құс шаруашылығының дамуы жөнінде мәлімет берілді.


Фото: Ақорда