Пара алған жылу желілерінің бас директоры мен басқа да басшылары сотталды

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен пара алғаны үшін сотталды:
- «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры К.Бейсенбиновке 560 млн теңге сомасындағы айыппұлға;
- АЖЖ бас инженері Д.Қазымбетов 560 млн теңге сомасындағы айыппұлға;
- АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының бастығы С.Джингильбаев 560 млн теңге көлеміндегі айыппұлға;
- Пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» ЖШС директоры Б.Разимбеков 400 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындаумен сотталды.
Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд 80 млн теңгені құрады, бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең.
Фото: egemen.kz