Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ҚТЖ биыл 108 мыңнан астам шпал ауыстырады

ҚТЖ биыл 108 мыңнан астам шпал ауыстырады

       ҚТЖ инфрақұрылымды жөндеу жұмыстарының көлемін арттыруда. Жол жұмыстарын жүргізу темір жолдың тыныс-тіршілігін, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңдерде жаппай әлеуметтік жүктерді (астық, көмір) тасымалдауға инфрақұрылымды уақтылы дайындау үшін қажет. Биыл 1,1 мың км астам жолды сауықтыру бойынша жұмыстар жоспарланып, 108 мыңнан астам шпал мен 634 бағыттамалық бұрма жиынтығын ауыстыру көзделген.

Ауқымды жұмыстар Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей және Алматы өңірлерінде жүргізілуде. Мәселен, Аршалы-Бабатай учаскесінде рельстік тіректер мен бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жүргізілуде.

    Кешенді жөндеу жұмыстары Мойынты – Қарағанды – Астана учаскесінде жүргізілуде. Мұнда көп тер төгуді қажет ететін жөндеу кезеңі – ластанған балласты терең тазарту, ескі темірбетон шпалдарын ауыстыру, рельсті торлардың тұтастығын қалпына келтіру және т.б. жүзеге асырылуда. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің учаскелерінде жолды күрделі және күшейтілген орташа жөндеу аяқталды.

Жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Жол жұмыстарының максималды көлемін орындау үшін арнайы техника қолданылады. Жол қызметкерлерінің білікті персоналы қойылған міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

     Инфрақұрылымды жаңғырту және ағымдағы күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін ҚТЖ пойыздар қозғалысы жылдамдығына уақытша шектеулер енгізсе, бұл жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс кестесінің сақталмауына әсер етеді Астана – Алматы, Алматы – Петропавл, Шымкент – Астана, Жезқазған – Алматы, Алматы – Орал қатынасындағы пойыздар кешігуі мүмкін.

Компания туындаған қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды және қазіргі жағдайға түсіністікпен қарауға шақырады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жаппай жөндеу жұмыстарын жүргізу жағдайында жолаушылар пойыздары қозғалысының нормативтік кестесін сақтау бойынша тәулік сайын шаралар қабылдануда.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты  арқылы алуға болады.


#ҚТЖ