Көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алып жүр?

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 135,4 млрд теңгеге жәрдемақы алған.
Мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері:
🔸Төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
🔸Бес балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
🔸Алты балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
🔸Жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
🔸Сегіз және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.