Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Ата жолы» картасы 10 жыл мерзімге жарамды

«Ата жолы» картасы 10 жыл мерзімге жарамды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелдік қазақтарға «Ата жолы» картасын берудің тәртібі туралы бұйрық жобасын жариялады.

Бұл құжат Қазақстан Республикасының азаматтығын алып үлгермеген, бірақ ұлты қазақ екенін растайты құжаты бар қазақтарға берілмек.

Бұл картаны алу үшін төмендегідей талап қойылды:

1) қазақ ұлтына жататынын растайтын құжаттың болуы;

2) Қазақстан Республикасы азаматтығының болмауы;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін мамандықтың болуы;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы бұйрығына сәйкес сұранысқа ие кәсіптерге ие болуы (бұл мәліметті «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі растауы керек);

5) тұрақты тұратын және азаматтығы бар елде тіркелген жұмыс істеп тұрған бизнестің болуы (бұл мәліметті «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі растауы керек).

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға «Ата жолы» картасын алу туралы өтінішті «Құтты мекен» ақпараттық жүйесінің қосымшасы ретінде құрылатын мобильдік қосымша арқылы яки Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдік мекемелері арқылы бере алады.