Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Болашақ» білікті кадрлар қолында

Биыл «Болашақ» халықаралық бағдарламасына 30 жыл. Атаулы дата той тойлау үшін ғана емес, алдағы жоспарларды пысықтап, ой ойлау үшін де маңызды.
Статистикалық деректерге сүйенсек, 1993 жылдан бері “Болашақ” бағдарламасымен жалпы саны 12424 маман дайындалған. Оның 9411 еңбек өтілімі бойынша міндеттемесін орындаған. 2926 түлек әлі еңбекпен өтеу мониторингінде. Ал, 1451 түлек әлі мониторингте.

2023 жылы “Болашақ” стипендиясын 555 адам иеленген. Магистратура және резидентура үшін 395, докторантура үшін 50, ал тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия тағайындалды. Студенттер әлемнің 27 мемлекетіндегі 236 университетте білім алуға мүмкіндік алды. Және биылдан бастап бағдарлама бойынша шет тілін толығымен меңгерген азаматтар ғана стипендия иегері бола алады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес  биылғы оқу бағдарламасында инженерлық-техникалық кадрларды дайындауға баса назар аударылып отыр. Бүгін Қазақ радиосының «Ой-түйін» ток-шоуында аталған мәселелер жан-жақты талқыланды.
Спикерлер: MAQSUT NARIKBAEV UNIVERSITI Басқарма төрағасының орынбасары, "Болашақ" қауымдастығы төрағасының орынбасары Айнұр Кәрібозова, "Болашақ" қауымдастығының кеңес мүшесі, BOLASHAQ PETROLEUM CLUB төрағасы, геофизик-ғалым Жәнібек Катренов, QUANTUM STEAM мектебінің директор орынбасары, ҚР Білім беру саласының үздігі Әлия Жакупова. Толығырақ эфирдің аудио және бейне нұсқасында...