Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды qazradio.fm.

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды",- деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосу жоспарлануда. Оған сәйкес, барлық балаларға жыл сайын ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% есептеледі. Бұл шоттағы қаржыны балалар тек кәмелет жасқа толған соң ғана ала алады. Бала 18 жасқа толғанда БЖЗҚ-да оған арналған нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Бұл шоттан ақшаны тұрғын үйге және білім алуға пайдалануға болады.

БЖЗҚ жоба операторы болып айқындалды. БЖЗҚ міндеті – нысаналы талаптарды (міндеттемелерді), нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асыру.

БЖЗҚ 18 жасқа дейінгі балалар туралы деректерді (ТАӘ, ЖСН) "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер қорынан алады. Бір балаға арналған мақсатты талаптардың сомасы осы мәліметтер негізінде есептеледі.

Баласының бағдарламаға қатысушы болғаны туралы ақпаратты ата-аналар egov.kz порталындағы жеке кабинеттен ала алады.

Фото: taulik.kz