Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

15 – қараша Ұлттық валюта күні

15 – қараша Ұлттық валюта күні

15 – қараша Ұлттық валюта күні. Осыдан 30 жыл бұрын теңге айналымға енді. Ал,1998 жылдан бастап, 15 қараша кәсіби мереке ретінде «Ұлттық валюта – теңге күні және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесі» болып белгіленді.

Алғашында ұлттық валютаны «Алтын» деп атау ұсынылады. Тарихи деректерге сүйенсек, XV ғасырда Отырар қаласында «таньга» деген атаумен күміс монеталар болған. Осыған ұқсатып академик Сауық Тәкежанов «теңге» деп атауды ұсынған екен. Ал, теңгенің жүзден бір бөлшегі «тиын» деп аталды.

1992 жылдың тамыз айында Ұлттық банкте теңге купюраларының үлгісін бекіткен дизайнерлер тобы Тұманды Альбионға табан тіреді. Англиядағы «Харрисон және оның ұлдары» атты банкнот бастыратын тәжірибесі бай фирманың қызметіне жүгінеді. Әл-Фараби, Абылай хан, Шоқан, Сүйінбай, Құрманғазы, Абай бабаларымыз бейнеленген банкноттар осылай жарыққа шықты.

Бүгінде теңге жалған ақша жасаушыларға қарсы тұра алатын, әлемдегі ең қауіпсіз валюта. Америкалықтар теңгенің технологиясына сүйеніп, тарихы XVIII ғасырдан бастау алатын доллар қауіпсіздігін күшейткен.

Теңге банкнотасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды.

Сонымен қатар, әлемде қолдан жасаудан ерекше қорғалған валюталардың бірі.