Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Wabtec компаниясы Қазақстанның көлік-логистика саласына 1 миллиард доллар инвестиция құяды

Wabtec компаниясы Қазақстанның көлік-логистика саласына 1 миллиард доллар инвестиция құяды

Қасым-Жомарт Тоқаев Wabtec компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады. Кездесуде Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту аясында Wabtec компаниясымен арадағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы компанияның көлік-логистика саласына шамамен 1 миллиард доллар инвестиция құю жоспарын құптап, мұның Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға ықпал ететінін және басқа да инфрақұрылымдық жобалар үшін негіз болатынын атап өтті.

Президенттің АҚШ-қа сапары аясында «Қазақстан темір жолы» «ҰК» акционерлік қоғамы мен Wabtec арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.