Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ақтық сында Грузия командасымен сынға түскен отандық шахматшылар (1,5-2,5 және 0,5-3,5) есебімен есе жіберді.


Біздің команда сапында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрманова, Әмина Қайырбекова және Әсел Серікбай өнер көрсетті.

Қола жүлде үшін болған кездесуде Франция командасы АҚШ құрамасын айналып өтті.

Айта кетейік, ФИДЕ-2023 әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты Польша мемлекетінде өтті.

Дереккөз: atamekenbusiness_sport