Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Астана операда» жаңа маусым: «GN SEPTET» ансамблінің шығармашылық кеші өтеді

«Астана операда»  жаңа маусым: «GN SEPTET» ансамблінің шығармашылық кеші өтеді

«Астана опера» театрының жаңа концертітк маусымында «GN SEPTET» ансамблінің шығармашылық кеші өтеді.

Астанада 23-24 қыркүйек сағат 18:00-де «Астана Опера» театры сахнасында «Accordion Star International», «Euro Music Festival» халықаралық байқауларында гран-при жүлдесінің иегері Ғалымжан Нарымбетовтың «GN SEPTET» ансамблінің шығармашылық кеші өтеді. Бұл «Астана Опера» театрының күзгі концертітк маусымындағы алқашы музыка кеші болмақ.

Бағдарламада И.С.Бах, аргентиналық танго жанрының «атасы» А.Пьяцолла, француз композиторы Р.Гальяно, қазақстандық композитор А.Жайымның шығармалары орындалады. Соның ішінде Француз композиторы, атақты музыкант-орындаушы, маэстро Ришар Гальяноның «New York Tango», «Tango pour Claude» шығармаларын көрермен  өте жақсы қабылдап, тыңдайды. Сондай-ақ  концертте көрермен қауым Қазақстанда бұрын-соңды дауысын естімеген сирек аспап – бандонеон мен акардина аспабының сырлы әуеніне құлақ түретін болады.

Анықтама. Ғалымжан Нарымбетов – бүкіләлемдік «Confederation Mondiale De L”Accordeon» баяншылар мен аккордеоншылар қауымдастығының мүшесі, Ақш, Италия, Франция, Бельгия, Ресей, Қазақстанда өткен халықаралық байқаулардың лауреаты. «GN SEPTET» ансамблі – классикалық шығармаларды көрерменге жоғары деңгейде жеткізіп жүрген өнер ұжымы.