Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда телеарналарды кабельмен таратуда ақау шықты

Қазақстанда телеарналарды кабельмен таратуда ақау шықты

Қазақстанда телеарналарды кабельмен таратуда ақау пайда болды. Оның себебін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі түсіндірді.

«Бүгін Ай мен Жердің көлеңкелі учаскесінен ұзақ өту кезеңінде KazSat-3 байланыс ғарыш аппараты батарея блогтарының заряды бітіп қалды. Соның салдарынан жерсеріктің телерадио хабарларын тарату және деректерді жерсерік арқылы беру бойынша қолданыстағы қызметтері уақытша тоқтады. Қазіргі уақытта «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұлттық операторы ғарыш аппаратын жасаушы «Академик М.Ф.Решетнев атындағы ақпараттық жерсерік жүйесі» АҚ-пен бірге аталған сервистерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп атап өтеді министрліктен.


Дереккөз: inform.kz