Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде медициналық маска режимі қайта енгізілді

Елімізде медициналық маска режимі қайта енгізілді

Қазақстанда медициналық маска режимі қайта енгізілді. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулыға қол қойды.

Онда жергілікті денсаулық сақтау басқармалары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, медициналық ұйымдарда персонал мен келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын қамтамасыз етсін делінген. Құжатқа сай денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде кигені жөн. Бұл қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын шектеу үшін қолға алынып отыр.


Фото: inbusiness.kz