Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақпан айында зейнетақы қорынан 400-500 млн доллар аламыз – Ұлттық банк

Ақпан айында зейнетақы қорынан 400-500 млн доллар аламыз – Ұлттық банк

Үкімет отырысында Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов зейнетақы қорының ақшасына валюта сатып алу көлемі ұлғаятынын айтты.

«Жыл басынан бері Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату теңгеге едәуір қолдау көрсетті. Оның көлемі 1 млрд-тан астам доллар болды. Ұлттық қордан валюта сату көлемінің өсуіне және сату көлемінің теңге бағамының конъюнктурасына әсер етуіне байланысты салымшылар мүддесі үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялауға белсенді түрде валюта сатып алу туралы шешім қабылданды. Осыған орай, ақпан айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына валюта сатып алу көлемі 200 млн доллардан 400-500 млн долларға дейін ұлғайды», - деді Ұлттық банк басшысының орынбасары.

Оның сөзінше, Ұлттық банк икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады және валюталық интервенциялар жүргізбейді.

«Қаңтар айында жылдық инфляция 9,5% дейін баяулады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, инфляцияның төмендеуі биылғы қаңтар айында базалық ставканы төмендетуге мүмкіндік берді. Ол қаңтарда 50 базалық тармаққа 15,25% дейін төмендетілді. Ал жылдық инфляцияның төмендеу қарқыны баяулап келеді. Қаңтар айындағы айлық инфляция алдыңғы орташа мәндерден жоғары қалыптасты. Қалыптасқан инфляциялық ахуал дезинфляциялық саясаттың жалғасуын талап етеді», - деді Ақылжан Баймағамбетов.



Дереккөз: inform.kz