Педофилдерге, экстремистер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады
![Педофилдерге, экстремистер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады](https://cdn.qazradio.fm/2024/2/14/1707893418363.jpg?w=750&format=jpg)
Мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.
Құжаттарда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға келуін, сондай-ақ ел азаматтығын алуын шектеу ұсынылады.
Сонымен қатар экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.
Фото: massaget.kz