Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
![Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді](https://cdn.qazradio.fm/2024/2/27/1709032423356.jpg?w=750&format=jpg)
Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды.
Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.