Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлттық қордан 1,1 млрд АҚШ доллары сатылады

Ұлттық қордан 1,1 млрд АҚШ доллары сатылады

Республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша сәуірде Ұлттық банк Ұлттық қордан 1,1 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды көздейді. Бұл туралы Ұлттың банктің баспасөз қызметі мәлім етті.


Наурыз айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 0,9%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары 446,77 теңгеге дейін қалыптасқан. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 187 млн АҚШ долларынан 225 млн АҚШ долларына дейін ұлғайған. Сауда-саттықтың жалпы көлемі - 3,8 млрд АҚШ доллары.


«Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін наурызда 748 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 19%-ын және күніне 44 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операция жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қордағы операциялардың валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді», - деп хабарлады Ұлттық банк.


Ұлттық Банк наурызда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында биржадағы сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырып отыр. Оның жалпы сомасы - 500 млн АҚШ доллары немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 13%-ы.


Ұлттық Банктің мәліметінше, наурызда валюталық интервенциялар жүргізілген жоқ.



Фото: inbusiness.kz