Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Энергетика министрі моноқалаларға газ тарту жоспарына түсінік берді

Энергетика министрі моноқалаларға газ тарту жоспарына түсінік берді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу беру жүйесінде тарифтерді көтеру қажет екенін айтты.


Бүгін Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер министрден еліміздегі моноқалаларға не себепті газ тартылмағанын сұрады.


«Бұл тұрғыда елді мекендерде инфрақұрылым тарту мәселесі бар. Атап айтқанда, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екіншісі желісін тарту ескерілген. Оның құны 2,7 трлн теңге сомасында бағаланған. Газ жобалары құрылысына жүздеген миллиард теңге қажет. Яғни, бұл ауылдарға газ инфрақұрылымы жеткен бойда, желіге қосылады. Жалпы, газ саласын дамыту жоспары бар. Өңірлер жүйелі түрде қамтамасыз етіліп келеді. 2032 жылға дейін осы жұмыстар іске асырылады», - деді.


Былтыр «Бейнеу - Бозой – Шымкент» газ құбырының 2-желісі салынатыны жарияланды.


Биыл ақпан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады.


Президент газ саласын кешенді түрде дамытуға, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуға, ресурстық базаны кеңейтуге, аталған саланың өзекті мәселелерін шешуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.



Фото: baq.kz