Су тасқыны кезінде азық-түлік бағасын көтерген 46 кәсіпкер анықталды
Су тасқыны кезінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені үшін 46 әкімшілік қаулы шығарылды. Оның 6-ауына айыппұл салынып, қалғандары ескерту алған.
Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі брифинг барысында мәлімдеді. Ал, Су ресурстары және ирригация Министрлігінің ресми өкілі еліміздегі 11 облыста, жаңадан 20 су қоймасы салынатынын және оның 5-еуінің құрылысы биыл басталатынын айтты. Сондай-ақ, елімізде жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасы жөндеуден өтіп, жаңғыртылады деді.
Фото: 32stomatologia.ru