Алматы облысында Alatau Hub ашылады
Алматы облысында IT-индустрияны дамытудың жаңа кезеңі өңірлік Alatau Hub ашу. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Алатау қаласының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Astana Hub білім беру және инкубациялық бағдарламаларын тарататын болады. Жақын арада хабта ойын әзірлеу және дизайн негіздері бойынша білім беру курстарын өткізу жоспарда.
Сондай-ақ компьютерлік сауаттылық, цифрлық маркетинг және электрондық коммерция бойынша арнайы курстардың бірлескен бағдарламасын іске қосу көзделген.
Осы ретте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев жаңа қала тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету саласы мен корпорацияның қызметі туралы айтып берді.
Қазір Алматы облысында 11 ХҚКО жұмыс істейді, оның ішінде 1 арнайы ХҚКО, 42 өзіне-өзі қызмет көрсету секторы және 32 Мемлекеттік корпорацияның БЭК-офисі бар. Айта кетейік, 2023 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының қызметкерлері 798 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың 4 айында 295 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен.
Фото: baimedia.kz