Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті

Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті

Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының 11 әртісі жыл сайын Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өтетін Тано фестиваліне қатысты. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Корей мәдени дәстүрлерінің ішіндегі ең көне әрі ең ірі саналатын фестивальде отандық әртістер концерт қойды. Көрерменді Қазақстанның заманауи мәдениетімен таныстырды.

Тано фестивалі 2005 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мәдени мұра тізіміне енген. Фестивалді көп көрермен қызыға тамашалайды. Аталмыш іс-шарада қазақстандық труппа шеруге қатысып, ұлттық киімде Қазақстан туын мақтанышпен көтеріп өтті.

Айта кетейік, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының ұжымы Кореяда алғаш рет өнер көрсетіп, спектакльдер мен концерттер қойды. Көрерменге осылайша Қазақстанды жан-жақты таныстырды.