Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада бір сәтте 400 домбырашы бірге күй шертті

Астанада бір сәтте 400 домбырашы бірге күй шертті

Астанадағы Орталық саябақта орналасқан «Амфитеатр» сахнасында «Елдік рухым – домбыра» атты гала-концерт өтті.

Астаналықтардың ыстық ықыласына бөленген кеш «Ұлттық домбыра күні» мерекесінің аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Астана қаласының әкімдігі, «AMANAT» партиясы және партия жанындағы «Jastar ruhy» Жастар қанаты қоғамдық бірлестігі.

Алғашқы рет ұйымдастырылып отырған ауқымды іс-шарада Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен құттықтау сөз сөйледі.

«Ерке Есілдің жағасында аталып өтіп отырған Домбыра күні ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ұлттық құндылығымызды жас ұрпаққа паш ететінін айтып, «қара шанақты домбырамыз әр шаңырақты қоңыр үнімен қуанышқа бөлей берсін!» - деді қала әкімінің орынбасары.

Ибрагим Ескендір және «Алтын домбыра» өнер мектебінің қатысуымен өткен гала-концертте 400 өнерпаз күй тартып, 1 200 көрермен концертті тамашалады. Домбырашылар алғашқы төрт күйді, яғни Құрманғазының күйі «Балбырауын», «Адай» және елімізге танымал «Еркесылқым», «Әке» толғауы сынды күйлерді бірге орындады. Айта кетейік, іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін арттыра отырып, оларды отансүйгіштікке баулу, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, өресі биік ұрпақ тәрбиелеу.




Фото: Астана қаласының әкімдігі