Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекеттік мүлік тізілімінің ресми сайты нақтыланды

Мемлекеттік мүлік тізілімінің ресми сайты нақтыланды

E-qazyna.kz веб-порталы мемлекеттік мүлік тізіліміне және тиісті сауда-саттыққа ресми қол жеткізу нүктесі ретінде танылды.

Жекешелендіру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігіне аудит жүргізу барысында сауда-саттық туралы ақпараттың жалғыз көзі gosreestr.kz веб-порталы емес, пайдаланушылар автоматты түрде қайта бағытталатын e-qazyna.kz екендігі анықталды. Сонымен бірге бұл порталдың анықтығы туралы мәлімет ҚР Қаржымині Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сайтында жоқ. Бұл сайттың заңдылығына әлеуетті қатысушылардың тарапынан күмән тудырады және соның салдарынан оны пайдаланудан бас тартуына әкелді.

Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігіне мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы туралы мәліметтерді өзектендіру шараларын қабылдау тапсырылды. Бүгінгі күні Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес e-qazyna.kz веб-порталы тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынады.

Фото: Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз орталығы