Астанада LRT тіректерін салу жұмыстары 100% аяқталды
«City Transportation Systems» ЖШС деректері бойынша барлық қарастырылған 799 тірек тұрғызылды.
Оларды құю үшін 53,7 мың текше метр бетон жән 42 мың тонна арматура жұмсалды.
Жоба бойынша «Нұрлы жол» вокзалынан әуежайға дейін созылатын ЛРТ қаланың негізгі көшелерін басып өтеді. Кептелісті жеңілдететін жеңіл рейсті көліктің ұзындығы 22,4 шақырым болмақ.
Фото: qazaqstan.tv