Әлеуметтік желілердегі заңсыз ойындар қадағаланады
Соңғы бір жыл ішінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерінен мемлекетке 333 млн доллар көлемінде шығын келген. Бұл - Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегі.
Қазір қаралып жатқан істердің үштен бір бөлігі мемлекет қазынасына қол сұққандарға қатысты, - дейді агенттік өкілдері. Қылмыстық істердің 42%-ы аяқталып, 129 іс сотқа жолданған. Оған қоса Кеден аумағындағы қылмыстарға да тосқауыл қойылып, 16 млн доллардың контрабандалық тауары тәркіленген. Тексерістер нәтижесінде қауіпті әрі заңсыз ақпарат таратқан 14 мың сілтеме бұғатталған. Әлеуметтік желілердегі 380 мың аудиториясы бар 100-ден астам чат пен аккаунт жабылды. Бүгін Алматыда ТМД елдерінің Салықтық тергеу органдары басшыларының жиынында, қазақстандық мамандар экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерімен бөлісті. Агенттік азаматтардың интернет алаяқтарының құрбанынан айналмас үшін заңсыз онлайн ойындарды қатаң қадағаламақ. Осы бағытта «Мета» компаниясымен келіссөздер жүргізу басталған.
Фото: egemen.kz