Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде келесі жылдан бастап онлайн микрокредит алу талаптары күшейтіледі

Елімізде келесі жылдан бастап онлайн микрокредит алу талаптары күшейтіледі

2025 жылдан бастап микронесие рәсімдеу үшін биометриялық тексерістен өту міндеттеледі. Яғни, бет-жүзін жеке куәліктегі бейнесімен сәйкестендіру қажет.

Сондай-ақ мобильді құралдың көмегімен цифрлық қолтаңбасы сұралады.

Құпия сөзді енгізу жүйесі де біршама қиындайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, алаяқтыққа жол бермейміз деп отыр.


Фото: inbusiness.kz