Президент мемлекеттік сапармен Францияға барады
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Францияға мемлекеттік сапармен барады.
Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Сондай-ақ Президент Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.