Қарағанды облысында 60 үй жылусыз қалды
Қарағанды облысында 60 үй жылусыз қалды. Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлады.
Оқиға кеше кешкісін болды. Ауыр жүк көлігі жылу желісін соғып кетіп, 60-қа жуық жер үй жылусыз қалды. Тұрғындар үйлерін тастап, басқа жаққа кетуге мәжбүр болған.
Қазір мамандар жылу желісін жөндеп, жаңа құбыр тартып жатыр. Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, жер үйлер орналасқан аумақты жеке меншік компания жылумен қамтамасыз етіп келген. Жағдай қала билігінің бақылауында.
Фото: pixabay