Көкшетауда синтетикалық есірткі сатқан актер ұсталды
Көкшетауда синтетикалық есірткі сатқан актер ұсталды, деп жазды qazaqstan.tv.
Көкшетау қаласында есірткі сатумен айналысқан азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оның пәтерін тінту барысында электронды таразы, арнайы жабдықтар және жалпы салмағы 1,5 келі мефедрон мен «аlfa-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленді.
Күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды. Соның нәтижесінде тағы 4 500 доза табылды.
Күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскені белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр.
Фото: qazaqstan.tv