Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы қорытындыланды
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында 30-дан астам ірі іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам келісімге қол қойылды. Аталған шаралар екі ел арасындағы туристік және мәдени алмасуды дамытуға ықпал етті.
Жалпы Қытайдан Қазақстанға келген меймандар қатары 50 пайызға артқан. Биыл 10 айда елімізге 550 мың адам келді. Қытайдағы туризм жылының қорытындысы Алматы қаласында өтті. Оның аясында халықаралық форум ұйымдастырылды. Оған қос елдің 300-ден астам өкілі қатысты.