Бүгін Астанада “Шашбаулым” танымдық-этнографиялық сайыс өтті
Бүгін Астанада “Шашбаулым” танымдық-этнографиялық сайыс өтті. Байқауды ұйымдастырудағы мақсат - ұлттық құндылықтарды жастарға қызықты етіп дәріптеу. Іс-шараға жалпы саны 16 бойжеткен қатысты. Дарындар байқауына тілшіміз Бейбарыс Сакенұлы да барып қайтқан еді.
Биыл бұл байқауды “Қара шаңырақ” қоғамдық бірлестігі екінші мәрте ұйымдастырып отыр. Бірлестік басшысы - Тұрар Шәкен сұлулардың
үш критерий бойынша сынға түсетінін айтты.
Байқаудың бас төрешісі - театр және кино әртісі, драматург Сағаділдә Үсібәлі іс-шара идеологиялық тұрғыдан маңызды екенін атап өтті.
Ақылына көркі сай бойжеткендерге марапаттау рәсімінде отандық дизайнер жасаған әшекей-бұйымдар табысталды. "Шашбаулымның" бас жүлдесін Астана қаласы "Сервис және туризм" колледжінің білімгері - Наргиз Мәлікова иеленді. Оған конкурсқа арнайы дайындалған шашбау табысталды.