Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы әскерге шақырылған жастармен кездесті

Мемлекет басшысы әскерге шақырылған жастармен кездесті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбе қаласында орналасқан Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барып, әскерге шақырылған азаматтарға Отан алдындағы борышын өтеуде сәттілік тіледі. 

Мемлекет басшысы бөлімнің ғимаратын аралап көрді. 1983 жылдан бері қолданыстағы нысан биыл күрделі жөндеуден өтіп, қазан айында аталған мекемеге берілген.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысына Smart-әскери комиссариат жобасы туралы баяндады. Жаңа бастамаға сәйкес азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады.

Министрдің айтуынша, жыл сайын 17 жастағы 160 мыңнан аса жасөспірім автоматты түрде әскери есепке тұрғызылады. Сондай-ақ министрлік жұмылдыру ресурстарының ақпараттық жүйесін құрған. Цифрлық трансформация Қазақстандағы 16 мен 60 жас аралығындағы барлық ер азаматты қамтиды. Бұл жұмыс қағаз нұсқада жүргізілген кезде есепте 2,5 миллион азамат болған. Ал цифрлық форматқа көшкеннен кейін олардың саны 6,8 миллионға жеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскерге шақырылған азаматтармен әңгімелесіп, оларға Отан алдындағы борышын өтеуде сәттілік тіледі.

– Елге қызмет ету – азаматтық борыш. Бұл – өте маңызды жұмыс, қасиетті парыз. Үлкен әскери мансаптарға жетіп, генерал атаныңыздар. Азаматтық міндетті абыроймен атқарыңыздар. Антқа адал болыңыздар! – деді Мемлекет басшысы.