2025 жылы қандай спорттық іс-шаралар күтеміз?
Биыл спортшыларымыз 100-ден астам халықаралық және республикалық турнирлерде бой көрсетеді.
Алғашқысы – Шымбұлақ курортында қаңтардың 7-11 аралығында өтіп жатқан фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасында FIS Әлем чемпионаты. Оған 13 елден жүзден астам спортшы қатысуда. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Германия, Канада, Қытай, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея және т.б. елдер бар. Біріншілікте алты спорт түрінен 196 марапат сарапқа салынады. Қазақстан атынан қатысушылар – Анастасия Городко, Дінмұхаммед Райымқұл, Ильнар Ибрагимов және т.б. сияқты жас ойыншалар.
Ақпан айында Ұлттық құрама Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX Қысқы Азия ойындарына қатысады. Ел намысын қорғаушы 139 спортшы биатлон, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау мен шорт-тректен бақ сынайды. Құрлықтағы біріншілік 32 елден мыңнан астам спортшыны біріктіреді.
Сондай-ақ, биыл отандастарымыз БАӘ-де өтетін II Болашақ ойындарында төбе көрсетеді. Бұдан бөлек, Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығының VI ойындарын, Бакудегі ТМД елдерінің III ойындарын және Чэндудегі XII Дүниежүзілік ойындарына қатысу жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін Президент бастамасымен Қазақстан 2026 жылы өтетін Phygital Games of the Future ойындары өткізілетін орын деп таңдалған болатын. Дәстүрлі спорт пен виртуалды жарысты қамтитын сайысты қабылдау құқығы үшін елімізден бөлек, Перу және Чили бақ сынасқан.
Фото: gov.kz