Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Нұрлан Сауранбаев Ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берді.
Сондай-ақ, негізгі өндірістік көрсеткіштерде өсімнің оң қарқыны сақталып отырғанын айтты.
Эксплуатациялық жүк айналымы 272 миллиард тонна-шақырымды құраған. Қазақстан-Қытай түйіспелері арқылы 32 миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл – рекордтық көрсеткіш, әрі 2023 жылмен салыстырғанда 13,1 пайызға артық. Контейнерлік транзит 8,8 пайызға өсті, - делінген Ақорда хабарламасында.