Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Адамдар жаппай жиналатын объектілерді сақтандыру жүйесі енгізіліп жатыр

Адамдар жаппай жиналатын объектілерді сақтандыру жүйесі енгізіліп жатыр

Жаңадан жобаланатын құрылысы ерекше нысандарға қатысты арнайы техникалық шарттарды келісу нормасы енгізіліп отыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында азаматтық қорғау туралы заң жобасын талқылау кезінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлім етті.

- Соңғы жылдары адамдар жаппай жиналатын объектілер мен биік ғимараттарды өрт нормаларын сақтамай салу жағдайлары жиілеп кетті, кейін оның салдары өрттердің орын алуы мен адам өліміне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Министрлікке биіктігі 28 метрден асатын ғимараттар мен адамдар жаппай жиналатын объектілерді пайдалануға беру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру өкілеттігі беріледі. Сондай-ақ жаңадан жобаланатын «Хан Шатыр» әрі «ЭКСПО» сияқты құрылысы ерекше нысандарға қатысты арнайы техникалық шарттарды келісу нормасы енгізіліп отыр,
- деді Ш. Әрінов.

Оның айтуынша, өрттен қорғау жүйелерін орнату бойынша азаматтарға сапалы қызмет көрсету мақсатында, осындай қызмет көрсететін ұйымдарға жекелеген талаптар қойылады. Яғни олардың тиісті білімдері мен қажет жабдықтары болу керек. Осы орайда талаптарға сай келетін ұйымдарға ғана рұқсат беріледі.

- Өрт салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтірілген жағдайда, адамдар жаппай жиналатын объектілерді сақтандыру жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл ірі объектілердегі өрт қауіпсіздігінің деңгейін арттырады және зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік береді, - деді министр.


Фото: vlast.kz