Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға тасқынға дайындықты күшейтуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мемлекеттік органдарға тасқынға дайындықты күшейтуді тапсырды.
— Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер, — деді ол.
Үкімет басшысы әлеуметтік желілер мен БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды екеніне де тоқталды.