Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан электрондық үкімет бойынша ең үздік 25 елдің қатарына кірді

Қазақстан электрондық үкімет бойынша ең үздік 25 елдің қатарына кірді

Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде әлем бойынша 24-орында тұр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90,4%-ы электрондық форматта көрсетіледі, ал 95,9%-ын смартфон арқылы алуға болады. Қағаз құжаттардың толық баламасы саналатын 39 түрлі цифрлық құжат енгізілді.

2025 жылдың басынан бері 51,5 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Тамыз айында eGov Mobile мобильді қосымшасы eGov AI интеллектуалды іздеу жүйесімен жаңартылды.

Сонымен қатар eGov.kz порталы арқылы 25,7 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліп, eGov Business сервисі 4,6 млн сұранысты өңдеді.


Фото: osken-onir.kz