Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

127 мыңға жуық талапкер грант конкурсына өтінім берді

127 мыңға жуық талапкер грант конкурсына өтінім берді

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық. 2025 жылы конкурсқа қатысу үшін 113 мың өтініш қабылданған болатын. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант бөлінген. Гранттардың басым бөлігі (60%) инженерлік бағыттағы мамандықтарға, 20% – педагогикалық мамандықтарға, 20% – басқа салаларға еңбек нарындағы қажеттілікті ескере отырып берілді.

Өтініштердің көпшілігі «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді.


Фото: Sputnik / Абзал Калиев