Бүгін Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталады

Бүгін Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырыстары басталады. Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Бұл туралы Президенттің Баспасөз қызметі хабарлады.
Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.
Екі күнге жоспарланған жиында мәдениет пен өнердің, азаматтық қоғамның, ғылым және білімнің дамуы талқыланады.
Құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары Ұлытау, Түркістан, Атырауда ұйымдастырылды.