2027 жылдың соңына дейін 1 231 мектеп жаңартылады

Елімізде жыл басынан бері 150-ге жуық білім беру нысаны ашылды. Оның ішінде мектепке дейінгі, орта, арнайы, инклюзив және қосымша білім беру салалары қамтылды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде 267 мың оқушы орнына арналған 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ 23 мектепте реновация жұмыстары басталды. 2027 жылдың соңына дейін 1 231 мектеп жаңарту жоспарланған.
Сонымен қатар инклюзив және арнайы білім беру саласында 3 жаңа мекеме жұмысын бастады. Жалпы білім беретін мектептер жанынан ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 121 қолдау кабинеті ашылды. Бүгінде еліміздегі мектептердің 90 пайызы инклюзив білім беруге жағдай жасалған.
Фото: egemen.kz