Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде полиэтилен өндіретін зауыт салынады

Елімізде полиэтилен өндіретін зауыт салынады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысында полиэтилен өндіру зауытын салу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы туралы айтты.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, полиэтилен өндіретін зауыт салу бойынша жобаны жүзеге асыру басталғанын атап өтті.

Осы жобамен бірге екі инфрақұрылымдық жоба – газ бөлу кешені мен магистралды құбырларды салу іске асырылатын болады.

«3 жобаның жалпы құны шамамен $11 млрд-ты құрайды, бұл – ҚМГ мен серіктестердің тікелей инвестициялары. Бүгінде барлық инвестициялық шешімдер қабылданды. Үкімет қолдауының арқасында құрылыс нормаларының кейбір артық талаптары алынып тасталды, нәтижесінде, ҚМГ және «Полиэтилен» жобасының инвесторлары қажетті инвестициялық шешімдерді дер кезінде қабылдады. Сонымен қатар газ бөлу кешені жобасын қаржыландыру – ашық мәселе. Қазақстан даму банкімен қаржыландырудың қолайлы шарттары қарастырылуда», –
деді Асхат Хасенов.


Фото: azattyq-ruhy.kz