Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде соңғы үш жылда 622 мектеп және 633 емхана салынды

Елімізде соңғы үш жылда 622 мектеп және 633 емхана салынды

Қазақстан халқының саны жыл сайын шамамен 250 мың адамға артып келеді, өсім орташа есеппен - 1,2%. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Ол жыл сайын 350 мың бала өмірге келетінін, кейбір жылдары 400 мыңға дейін жететінін атап өтті. Бұл мектеп, балабақша, емхана салуды, педагогтер, дәрігерлер штатын ұлғайтуды қажет етеді. Сонымен бірге мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шығыны да өсуде.

«Жыл сайынғы қажеттілік шамамен 145 мектеп пен 100 емхананы құрайды. Соңғы үш жылда біз 622 мектеп, жылына орта есеппен 207 мектеп және 633 емхана, жылына орта есеппен 211 емхана салдық», - деп атап өтті Серік Жұманғарин.


Фото: gov.kz